Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз есірткі сақтаған Сарыағаш тұрғынының үйінен қару табылды

Сарыағаш тұрғынынан 300 грамға жуық марихуана алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне Сарыағаш тұрғындарының бірінің есірткі сатумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түскен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркеді.

Сарыағаш ауданының ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталмыш тұрғынның жеке басын, мекенжайын анықтап, үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде оның үйінің жатын, қонақ бөлмелерінен ішінде есірткіге ұқсас 19 дана қағазға оралған зат табылды. Одан бөлек жиналған көрпелердің арасынан пневматикалық тапанша табылып, тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес күдіктінің үйінен алынған зат –  жалпы салмағы 300 граммға жуық кептірілген марихуана болып шықты. Ал қарудың аталған ер адамның атына тіркелмегені белгілі болды. Қазіргі таңда қаруға сараптама тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру