Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мен дәрігерлер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен пандемияға қарсы күреске елеулі үлес қосқан Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Департамент қызметкерлеріне «Халық алғысы» медалін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов табыстады, ол пандемия бүкіл әлем үшін ауыр сынақ болғанын және коронавируспен күресте тәулік бойы алдыңғы қатарда жүргендердің барлығының ерліктерін бағалайтынын атап өтті.

 – Сіздер азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, қоғамдық тәртіпті сақтау және індеттің таралуына жол бермеу үшін тәулік бойы қызмет атқардыңыздар. Атыраулықтардың атынан сіздерге алғыс айтамын, – деді облыс әкімі.

«Халық алғысы» медалі 25 полиция қызметкеріне және Полиция департаменті медициналық қызметінің 6 қызметкеріне табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру