Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сарысулық полицейлер сауапты іс жасауда

Сарысу ауданының полицейлері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақта “Түсі игіден түңілме” деген жақсы сөз бар. Жақында ғана аудандық полиция бөліміне басшы болып келген Асхат Алметов жайлы халық арасында оң пікір қалыптасып үлгерді.

Міне, бүгінде ол полиция қызметкерлерінің игі істерінің ұйтқысына айналды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары арасында түрлі іс-шаралар мен акцияларға қатысып, мұқтаж жандарға қайырымдылық қорлары арқылы қол ұшын созатын ізгі жандар қатары көбейіп келеді.

#Бізбіргеміз акциясы аясында Сарысу аудандық полиция бөлімінің бастығы А.Алметов бастаған полиция қызметкерлері Ақтоғай ауылының көмекке зәру отбасын азық-түлік және бірнеше тонна көмірмен қамтамасыз етті. Көмекті қажет ететін ағайындылардың екеуі де 2-ші топтағы мүгедек жандар.

Полиция қызметкерлері төлем жасалмаған соң желіден ажыратылған қариялардың электр жарығын қалпына келтіріп, жарық есептегіш орнатып берді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері қариялардың құжаттарын әлеуметтік көмек алу үшін заңдастыру мәселесін қарастыруда. Жаңа басшының қамқорлығына риза болған ақсақалдар қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған А.Алметов бастаған аудандық полиция бөліміне алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру