Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының полицейлері есірткі тасымалдаған көлік жүргізушісін ұстады

Қарағандыда көлік жүргізушісінен екі келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

2020 жылы 26 қазанда Жаңаарқа ауданының ПБ қызметкерлері Қызылорда-Павлодар тас жолында “ВАЗ-21140” маркалы автокөлігін тоқтатқан.

Автокөлікті қарау барысында жүк салғышындағы ақ түсті қаптың ішінен қоңыр түсті кептірілген, спецификалық иісі бар шөп тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған зат жалпы салмағы 2 кг 400 грамнан астам кептірілген марихуана екені анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабына (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру