Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ойнап жүріп, үйінен алыстап кеткен бала табылды

Түркістан облысының полицейлері ойнап жүріп, адасып қалған төрт жасар баланы үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға түстен кейін сағат 16:00 шамасында Атакент ауылының тұрғыны “102” сымтетігі арқылы хабарласқан. Әйелдің айтуынша, есік алдында ойнап жүрген төрт жасар ұлы із-түссіз жоғалып кеткен. Мақтаарал АПБ ювеналдық полиция тобының қызметкері жас маман Нұржан Тоқсанбай хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Кішкентай бүлдіршінді табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастырды. Полицейдің жан-жақты іздестіру жұмыстарының арқасында, бір жарым сағат ішінде бүлдіршін адасып, кетіп бара жатқан жерінен табылды. Осылайша, жоғалған бала ата-анасына аман-сау күйінде табысталды. Тәртіп сақшысының анықтауынша, ойын баласы үйдің ауласында ойнап жүріп, үйінен ұзағаннан соң адасып, екі көшеден ары қарай кетіп қалған. Өз кезегінде баланың анасы Несібелі Аймуртаева полицейдің қырағылығына риза болып, алғысын білдірді.

– Мен есік алдында ойнап жүрген баламды жоғалтып алдым. Содан соң Мақтаарал ауданының полиция қызметкерлеріне хабарластым. Полицейлер дер кезінде тауып берді. Осы кісіге алғысым шексіз, – деп жүрекжарды сөзін арнады. 

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру