Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкеннің кассасынан ақша ұрлаған азамат ұсталды

Түркістан полицейлері дүкен ұрлығына күдікті ретінде Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қаласының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз біреулердің дүкеннің кассасынан ақша жымқырып кеткендігін көрсеткен.

Аталған жайтты полицейлер бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді. Осыдан соң Кентау ҚПБ-ның полицейлері жедел іздестіру жұмыстарына кіріседі. Жақын аумақтағы камераларды мұқият қарап, куәгерлерден жауап алынды. Тәртіп сақшыларының жедел іздестіруінің арқасында күдікті ұсталды. Ол Ақтөбе облысының тұрғыны екен. Тексеру кезінде белгілі болғандай күдікті жергілікті тұрғын болып келетін туысының үйіне бірер күн бұрын қыдырып келген. Түнгі уақытта дүкенге барып, жабық болғаннан соң өзінің арам ойын іске асыру үшін дүкеннің есігін бұзып, ішіне кірген. Дүкеннің кассасындағы 30 мың теңгеден астам ақшаны алып, оқиға болған жерден ізін суытқан.

Қазіргі таңда ұсталған азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар жоқтығын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері ұрлық қылмыстарының алдын алу мақсатында сауда орындарына, ғимараттарға немесе үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Ұрлық жайты орын алған кезде, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру