Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон қызметінің полицейлері ақсақалдың құжатын дайындап берді

Көші-қон қызметінің полицейлері ақсақалдың құжатын дайындап, үйіне апарып табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ-нің полицейлерге қоятын басты талаптарының бірі – халыққа жақын болып, олардың қорғаны екенін көрсетіп, ашықтық орнату. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті және оған қарасты қала-аудандық полиция бөлімдерінде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мысалы, Полиция департаменті қызметкерлері жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың үйіне барып, құжатын жаңартуға қызмет көрсетуін жалғастыруда.Бәйдібек АПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің қызметкерлері жеке куәлігінің мерзімі өткен, жүріп-тұруы қиын Асқар Көпенов атаға арнайы барып, жеке куәлігін табыстады.

Осындай жанашырлыққа, кәсібилікке ардагер риза болып, полицейлерге деген алғысын жеткізді. Қол жайып, ақ батасын берді.

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтай отырып, әрбір қала, аудандағы егде жастағы тұрғындардың жеке куәліктерінің мерзімі өткендерін, қайта рәсімдеуге көмектесуде. Жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың құжаттарын жаңартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру