Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады

Атыраулық полицейлер өрт шыққан көпқабатты үйдің тұрғындарын эвакуациялады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 маусым күні сағат 17:54 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының автопатрульдеу бекетінің қызметкерлері Нұржан Хадимов және Қуаныш Әбдеш Нұрсая мөлтек ауданындағы №63 үйден түтін шығып жатқандығын байқады.

Аталған мекенжайға дереу жеткен кезде үшінші қабаттан өрт шыққанын анықтаған. Аталған үй тұрғындарымен бірлесіп пәтер тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Зардап шеккендер болған жоқ.

– Оқиға орнына телеарна журналистері де келіп сұхбат алып жатты. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Бастысы барлық тұрғындар аман, зардап шеккен жоқ. Қою түтінді көрген бойда көмектің қажет екенін сезіп, тек құтқаруға кірістік, себебі өрт күшейіп кетсе кеш болатын еді, – деді Нұржан Хадимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру