Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оңтүстікте күн суытуына байланысты ІІМ сақ болуға шақырады

ІІМ ауа райының күрт суыту кезіндегі қауіпсіздік шараларын еске салды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жауын-шашын және тұманның түсуі, сондай-ақ күн райының күрт төмендеуі Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында күтіледі.

Осындай ауа-райына байланысты, ІІМ аталған өңірдің тұрғындарына жолдарда мұқият болып, жылдамдық режимі және арақашықтықты, Жол ережесінің басқа да талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.

ІІМ көктайғақ кезінде автомобильмен қауіпті маневрлер жасау және шұғыл тежеу жол-көлік оқиғаларын жасауға әкеп соғады.

Жаяу жүргіншілер де дымқыл және тайғақ жолда автомобильдің тежегіш жолының ұлғаятынын ескеруі қажет. Сондықтан көлік құралының тоқтағанына көз жеткізу керек.

ІІМ жылдамдықты арттыру, ескерту белгілеріне назар аудармау және елемеу әрекеттерінің салдарлары қайғылы жағдайларға әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру