Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аулада ұйықтап жатқан тұрғынның телефонын ұрлап кетті

Полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша кешкі сағат 22:30 шамасында өзінің тұрғылықты мекен-жайында орналасқан үйінің ауласында кереует үстінде ұйықтап жатқан. Күдікті осы сәтті пайдаланып, “Samsung J5” маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленуші азаматқа жалпы құны 68 мың теңге шығын келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, аталған жайт бойынша жақын маңдағы көшелерді аралап, куәгерлер мен көшедегі жаяу жүргіншілерден жауап алып, басқа да қажетті іс-шараларды өткізді. Жедел тергеу барысында күдіктіні ізін суытпай өзінің жеке тұрғын үйінен қолға түсірген. Анықталғандай күдікті жас жігіт жәбірленушінің жерлесі болып шықты. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдіруде. Ал тергеу амалдары әліде жалғасуда. Бас шарасы келу туралы міндеттеме.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуды және мүліктерін қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Қоғамдық және халық көп жиналатын жерлерде құнды заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыздар. Ақша мен әмиянды қалтаңызға салып немесе қолыңызда ұстаған дұрыс. Сондай-ақ, тонау немесе ұрлық жағдайына тап болсаңыз, тез арада полицияға “102” телефонына хабарласыңыз. Бұл қылмысты ертерек ашуға және ұрыларды, қарақшыларды ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру