Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыл шаруашылығы техникасы бақылауда: Павлодар облысында 84 жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысының полицейлері 499 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қыста шөп жинауға байланысты дала жұмыстарының маусымы қызу жүріп жатыр, алқаптарда егін жинау жақындап келеді. Осыған байланысты трассаларда, соның ішінде жүрдек жолдарда ірі габаритті комбайндар, тракторлар және басқа да ауыл шаруашылық техникалары жиі пайда болады.

– Бүгінгі таңда полицейлер 499 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын тексерді. Тексеру нәтижесінде 84 жол қозғалысы ережелерін бұзу, оның ішінде 48 көлік құралдары жүргізушілерінің сыртқы жарық құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы анықталды, 26 жүргізуші тиісті құжаттары жоқ техниканы басқарды, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз ауыл шаруашылығы техникасын жүргізудің алты фактісі анықталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерінің мас күйінде басқарған төрт фактісін анықтады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мысалы, 2021 жылғы 14 тамызда сағат 14:30 шамасында Павлодар ауданының Сычевка ауылында ауыл тұрғыны ВАЗ 21065 маркалы көлік құралын басқарып, AUDI 100 автокөлігімен соқтығысқан, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ВАЗ 21065 автокөлігінің жүргізушісі орташа дәрежеде мас күйінде болған.

Тексеру барысында 2015 жылы аталған жүргізуші алты жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Айыру мерзімі ағымдағы жылдың 10 маусымында аяқталды, бірақ оның көлік жүргізуге құқығы болмады, өйткені жүргізуші куәлігін алу үшін оған қайта тапсырудан өту қажет болды. Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы 7-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. Жазалау шараларын қабылдау үшін материалдар Павлодар ауданының сотына жіберілді.

Полиция департаменті Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды еске салады. Автожолдардағы ауыл шаруашылығы техникалары санының артуы кейбір жағдайларда апатқа әкелуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру