Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Автобус” іс-шарасы: Атырауда 70-ке жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Атырауда 70-ке жуық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 7-9 маусым аралығында облыс аумағында жолаушылар көлігі жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау мен жолын кесуге бағытталған “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы  өткізілуде, – деді  Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Мәселен, Атырау облысында іс-шараның бір күні ғана полицейлер бірден 69 бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде алтауы ҚР ӘҚБтК 571-бабының 2 және 3-бөлімдері бойыншаолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу), екі бұзушылық 590-бабының 7-бөлімі бойынша иісті рұқсатсыз қайта жабдықтау),  11 бұзушылық 590-бабының 9-бөлімі бойынша (Техникалық байқаудан өтпеген)591-бап бойынша (Рульде телефонды немесе радиостанцияны пайдалану) – 20, 592-бап бойынша ылдамдықты арттыру) – екеу, 595-бап бойынша (Маневр жасау ережелерін бұзу) – 12, алты бұзушылық 230-бабының 7-бөлімі бойынша (ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзу).

Айып тұрағына бір автобус қамалды, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды.
Барлық тәртіп бұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру