Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 16 жасөспірімді іздеп тапты

Петропавл полицейлері жыл басынан бері із-түзсіз жоғалған 16 жасөспірімді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен демалыс күндері Петропавлдың әлеуметтік желілерінде 11 жастағы қыздың жоғалғаны жайлы хабарлама тарап кетті. Ол сенбі күні кешкі 9-ға дейін үйінде болмаған. Анасы бірден полицияға жүгінген. Іздеуге барлық қызмет жұмылдырылды. Ювеналдық және патрульдік полиция, жедел қызметкерлер мен учаскелік инспекторлар, сонымен қатар 100-ден аса волонтерлар қаланың бұрыш-бұрышын іздеуге кірісті. Іздеу жұмыстары түнімен жүргізілді. Келесі күні оны патрульдік полиция батальонының қызметкері мен оның кәмелетке толған ағасы екеуі мәдениет және демалыс паркінен тапты. Жанжалға байланысты үйінен кетіп қалғаны белгілі болды. Телефонын өшіріп, құрбысының үйінде түнеп шыққан.

Жасөспірім аман-есен үйіне қайтарылды, содан соң полицейлер онымен және ата-анасымен профилактикалық сипаттағы әңгіме жүргізді. 

– Жасөспірімдер жақындарымен өзара түсініспеушілігінен, кей кездері өздерін “ересек” ретінде көрсету үшін үйлерінен кетіп қалғанда осындай жағдайлар орын алады, – деп Петропавл қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы Эльмира Абушева хабарлады. – Қалалықтардан сұрайтынымыз: егер сіздің балаңызбен бірге үйіңізде танысы қонып қалса, міндетті түрде оның ата-анасымен хабарласуларыңызды, оның қызы немесе ұлының қайда екендігін білетіндеріне көз жеткізіңіздер. Кәмелетке толмаған баланың жоғалғаны – төтенше жағдай болып табылады, іздеу жұмыстарына қызметкерлерден бөлек белсенділік танытатын еріктілер де тартылады. Жасөспірімдер мұның салдары ата-анасының әкімшілік сипаттағы жазаға тартылуын, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға дейін әкеп соқтыратынын ойламайды.

Жыл басынан бері облыс орталығының полицейлері із-түзсіз жоғалған жасөспірімдер туралы 16 хабарлама алды. Олардың бәрі бір тәулік ішінде табылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру