Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Петропавл велосипедшілеріне жол жүрісі ережелерін түсіндірді

Полицейлер Петропавл велосипедшілеріне жол жүрісі ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл полицейлері велосипедшілерге түсіндіру жұмыстарын күшейтті. “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде полиция қызметкерлері балаларды іс-шараға қатысуға шақырды. Алғашқылардың қатарында Петропавл қ. №1 мектептің оқушысы 11 жастағы Давид Юдаков болды. Жас велосипедші полицейлермен бірге орталық көшелердің біріне шығып, жолдың жүру бөлігіндегі жүру ережелерін көрсетті.

– Бағдаршамнан өткенде немесе жаяу жүргіншілер жолынан өткенде, міндетті түрде велосипедтен түсіп, бұл учаскеден жаяу өту керек. Маған әкем осы жайында ылғи айтады, қазір жаттықтырушым да түсіндіреді, – дейді оқушы.

Бала бірнеше жыл каратэмен айналысқан, бүгіндері велосипед спортына қызығушылық танытыпты. Полицейлердің жас жол қозғалысына қатысушыларды шақырғанын естіген бала, бірден Полиция департаментінің аккаунтына жазып ниет білдірген.

– Мен полицейлер жұмысының оңай емес екендігін түсіндім. Олардың жұмыстарын көрдім. Кейбір адамдар оларды тыңдағылары да келмейді, – дейді түсіндіру акциясына қатысушы.

Қазақстан Конституциясы көшесінде, жаяу жүргіншілерге кедергі жасайтын жерде, полицейлер велосипедшілерді тоқтатып, жүру ережелерін түсіндірді.

– Егер велосипедпен жүретін жол болмаса, жаяу жүргіншілерге қауіп төндірмей жаяу жүргінші жолымен жүруге болады. Сондай-ақ, 14 жастан асқан велосипедшілерге жолдың жүретін оң жақ бөлігімен жүруге болады, – деп түсіндірді Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжанов.

Сондай-ақ, полицейлер велосипед тізгіндегендерге ЖЖЕ сәйкес, рөлді бір қолмен ғана ұстап жүруге, жолаушыларды тасымалдауға, ені мен ұзындығы елу сантиметрден аспайтын жүктерді тасуға, немесе басқаруға кедергі келтіретін жүктерді тасуға және жаяу жүргінші жолында жүруге тыйым салынатынын еске салды.

Профилактикалық жұмыс жалғастырылуда. Түсіндіру акцияларына қатысқылары келетіндер болса, Instagram-дағы СҚО ПД (@sqo_pd) аккаунтына жазуға болады. Келесі профилактикалық сабақ самокат мінетіндерге ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру