Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автокөлік салонынан бір келіден астам марихуана табылды

Түркістан облысының полицейлері автокөлік салонынан бір келіден астам марихуана тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Төлеби ауданы тұрғынының басқаруындағы “Лада Приора” маркалы автокөлігін тоқтатты. Жедел уәкілдер күдікті автокөлігінің салонын тінту кезінде, өзіне тән хош иісі бар екі полиэтилен пакеттегі есірткі затын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.

Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты 1 кг-нан астам марихуана болып шықты.

Аталған жайт СДТТБТ-да ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі “Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеубойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамның есірткіні аса ірі көлемде қандай мақсатпен сақтағанын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру