Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адамдар қорадан қой ұрлаған

Түркістан облысының полицейлері қорадан қой ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс АПБ-не жергілікті тұрғын арызданды. Ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз адамдар тұрғын-үйінің ауласына заңсыз кіріп, қорасынан алты бас қойын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 400 000-нан астам теңгені құрады. Осындай арызбен полиция бөліміне тағы бір тұрғын хабарлама түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуыншаоның ауласындағы қорасынан екі бас қойын ұрылар жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайттар СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-1-бабымен тіркелді.

Шұғыл әрекетке көшкен полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап шығып, мұқият тексеру жасалды. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы полицейлер осы ұрлық қылмысына қатысты күдіктінің бірін Нұр-Сұлтан қаласында жасырынып, жұмыс істеп жүрген жерінен анықтап, ұстады.

Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Ол өз кінәсін толық мойындап, қасындағы сыбайласы екеуі ұрлаған қойларды сатып жіберіп, ақшасын бөліп алғандарын жеткізді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды. Ал, сыбайласын ұстау бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрылардан сақ болу үшін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар деп ескертеді. Аулаларыңызды жарықтандырып, бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Қора-жайларыңызды мықтылап бекітіңіздер. Үй жануарларына ен-таңбаларын уақытылы салдыртыңыздар. Егер, ұрлық орын алған жағдайда уақыт оздырмай, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру