Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жеңгесінің атынан онлайн несие алған қыз анықталды

Түркістан облысының полицейлері туысының атынан онлайн несие алған қызды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, бейтаныс адам оның атынан 60 000 теңге онлайн-несие алған. Екі жылда қарызы 300 000 теңгеден асып кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелді.

Арызданушының шағымына сәйкес, орын алған алаяқтық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында Қазығұрт ауданы полицейлері қажетті іс-шараларды жүргізді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап ұстады. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің туыс қайын сіңлісі болып шықты.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші 2018 жылдың шілде айында қайын сіңлісінен онлайн-несие алуға өтініш тастап беруін сұраған. Содан күдікті жас қызда жымысқы ой пайда болып, ол жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, мақұлдауды алғаннан кейін, ақшаның бір бөлігін иемденгені белгілі болды. Күдіктінің бас шарасы міндеттемемен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның толық мән-жайын анықтайды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өзіңізге қатысты жеке, құпия сандарды ешкімге бермеңіздер деп ескертеді. Банктік карточкаларыңыз мен жеке куәлігіңізге, жалпы құжаттарыңызға ұқыпты болыңыздар. Егер, осындай интернет-алаяқтығыныңкуәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру