Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Ақтөбе облысы Қызылжар ауылының маңында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілде күні түнгі сағат 02.30-да жігіттің басқаруындағы Toyota Land Cruiserавтокөлігі Б.Момышұлы көшесінің бойымен Қызылжар ауылына қарай келе жатқан жолда жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншіге жол бермей, бірден екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Нәтижесінде екі жаяу жүргінші де түрлі жарақаттармен Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Осы факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Полицейлер тәуліктің қараңғы уақытында жарық шағылыстыратын элементтерді алып жүру көлік жүргізушісіне 120-140 метр қашықтықта жаяу жүргіншіні көруге мүмкіндік беретінін еске салады. Жолда сақ болыңыз. Жол қозғалысы ережелерін әрдайым сақтау қажет!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру