Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікте орын алған өртті алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді

Атырау обылысында жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жыл басталғалы Атырау қаласының аумағында автокөлікте 11 өрт, 2019 жылдың салыстырмалы кезеңінде 9 өрт тіркелген. 7 өрт электрмен жабдықтау жұмысының авариялық режимі салдарынан, яғни қарапайым тілмен айтқанда тоқтың қысқа тұйықталуынан болған. Өрттің қалған бөлігі қасақана от қою.

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Полиция басқармасының қызметкерлерімен және Қоғам ұйымының «Атырау қаласының Қоғамдық кеңес төрағасы» Олжас Сұлтановпен бірлесе отырып, өрт қауіпсіздігі автокөліктегі өрттердің алдын алуға және қауіпсіздік ережелерін жеткізуге бағытталған профилактикалық рейд жүргізді. Жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар табысталды.

Электр жабдықтары автокөлікте өрттің кенеттен пайда болуының бірден бір себепшісі. Автокөліктегі барлық сымдардың ұзындығы жүздеген метрды құрайды. Олар автомобильдің бүкіл корпусында орналасқан: капот астында, есік конструкциясында, еден астында. Барлық жерде тез тұтанатын материалдар көп. Тоқтардың оқшаулауы бүлінсе ұшқындар шығып, сымдарда ашық жерлер пайда болады, салдарынан қысқаша тұйықталуға әкеп соғады.
Көп жағдайда, бұл көліктің электрондық жүйесінің істен шығуына, аккумулятордың кенеттен бәсеңдеуіне алып келеді.

Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы автокөлік иелері мен жүргізушілерге автомобильдегі өрттің алдын алу үшін келесі сақтық шараларын қолдануды ұсынады:
– көлікті техникалық байқаудан уақытылы өткізу;
– магнитофонды, дабылқаққышты, қозғалтқышты іске қосу алдындағы
жылытқыш құралдарын тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
– автомобиль салонында әрдайым өрт сөндіргіш болуы тиіс;
– барлық электр жабдықтарының жарамдылығын бақылауда ұстау;
– қозғалтқыштың герметикалығын, сондай-ақ жанармай аппаратурасының
жарамдылығын қадағалау;
– көлік тұрақтарында тез тұтанатын бөгде заттарды ұстамау.

Өрт шыққан жағдайда дереу “101” немесе “112” телефондарына хабарлаңыз.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру