Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Менің қателігім бәріне сабақ болады!”

Шымкент қаласында короновирус туралы жалған ақпарат таратқан жігіт, оның қателігін қайталамауын сұрап бейне жолдама жасады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік,кеше Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен өткізілген Өрт-тактикалық оқу-жаттығуы кезінде “Шымкент Плаза” СОО-да коронавируспен ауыратын науқас анықталды деген жалған ақпаратпен бейнежазба түсірген, “Ватсап”мессенджері арқылы таратқан қала тұрғынын анықтап, ұстады.

Ол “Шымкент Плаза” СОО-дағы дүкендердің бірінің 24 жасар жұмысшысы болып шықты.

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

Аталған бап үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы қабылданды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру