Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аяқ киімге жасырып, ұялы телефонды тергеу изоляторына кіргізбек болды

Қызылордадағы тергеу изоляторына аяқ киімге жасырып телефон өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында тергеу изоляторына аяқ киімге жасырып, телефон өткізбек болған әйел  ұсталды.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сотталғандарға тыйым салынған заттарды мекеме аумағына өткізбек болған адамның қулығын әшкереледі. “Кісі өлтіру” бабы бойынша қамауда отырған інісіне, сәлем-сауқат жібермек болған апасының сәлемдемесін, мекеме қызметкерлері тексеру кезінде, аяқ киімнің табанына мұқият жасырылған “Nokia” ұялы телефоны және  “Актив” сим-картасы мен қуаттағыш құрылғысын тауып, тәркіледі.Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс-құжаттары Қызылорда  қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру