Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеге бір миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмек бөлінді

Түркістан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне жергілікті атқарушы органдар тарапынан дәрі-дәрмектер берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының әкімшілігі, ҚАЖ мекемесіндегі сотталғандар арасында короновирустық инфекцияның алдын алу мақсатында бір миллион теңгеге жуық дәрі-дәрмек бөліп, қамқорлық танытты.
Елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандар арасында COVID-19 індетін таратпау бойынша алдын алу шараларын қабылдады.

Мекемелерде санитарлық-дезинфекциялық режим сақталып, бірінші кезекте сотталғандардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық алдын алу шаралары алгоритмге сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылды.

– Қазіргі таңда індеттің екінші кезеңі күтілуіне байланысты облыстағы тиісті органдармен сотталғандар арасында жедел респираторлы вирусты инфекциялар мен короновирустық инфекциялардың таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді. Осы жоспар негізінде қазіргі таңда тиісті бірқатар жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан сотталғандардың иммунитеттерін нығайту мен COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында қызуды, қақырықты түсіруге арналған дәрілер, инфекцияның алдын алуға арналған антибиотиктер мен иммунитетті көтеруге арналған дәрумендер берілді, – дейді ҚАЖ департаментінің санитар-дәрігері Айдана Мэлсқызы.

Бұған дейін де Түркістан облысының әкімшілігінің қолдауымен сотталғандарға бір реттік мың дана қолғап пен екі мың дана бетперде берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру