Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

Шымкентте азық-түлік дүкеннің кассасында тұрған 400 мың теңгені және “Касса 24” төлем терминал аппаратын бұзып, ішіндегі 102 495 теңгені ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 30 наурызында Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасының “102” сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз біреу Шымкент қаласында орналасқан азық-түлік дүкенінің терезесін бұзу арқылы кіріп ішінен, кассада тұрған 400 мың теңге ақшасын және “Касса 24” төлем терминал аппаратын бұзып, ішіндегі 102 495 теңгесін, жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кинология қызмет орталығының “Альфа” қызмет итімен және Еңбекші аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 29 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру