Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Балалар түнгі қалада» шарасы жүргізіліп жатыр

Қызылордада полицейлер «Балалар түнгі қалада» шарасын жүргізіп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
04-06 ақпан аралығында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық шарасын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың, оның ішінде топтық төбелес, бопсалау деректерін алдын-алу,
ескерту, жолын кесу, сондай-ақ құқыққа қайшы іс-әрекеттерге жол бермеу,
кәмелетке толмағандарға алкогольдік және темекі өнімдерін сатпау, олардың
түнгі уақытта заңды өкілсіз ойын-сауық мекемелері мен тұрғын үй-жайлардан
тыс аумақта болу деректерін анықтау болып табылады.
Іс-шара барысында «Дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, сондай-ақ,
оқушылар мен ата-аналар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру
мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, инспектор-психологтар түрлі
тақырыптар бойынша тренингтер өткізуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру