Балқаш полициясы тонау дерегін ашты
Қарағанды облысы, Балқаш қалалық полиция бөліміне кешкі сағат 20:00 шамасында қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде тонау болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
35 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне кешкілік уақытта біреу үйінің есігін қаққанын, кейін көршілер деп ойлап есік ашқанда екі белгісіз адам оған күш қолданып, үйіне баса көктеп кіріп, қонақ бөлмесінен қол сөмкені алып, оқиға орынынан ізін суытқанын айтты. Қол сөмкеде жәбірленушінің 280 мың теңге ақшасы болған. Оқиға ойламаған жерде болғандықтан жәбірленуші күдіктілер туралы ешқандай мәлімет бере алмады.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 мен 28 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпелерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.