Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Балқашта жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне медициналық мекемеден хабарлама келіп түсті. 62 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны түрлі дене жарақаттарымен мекемеге жеткізілген.

Жәбірленуші жолдан өтіп бара жатқанда, оны ГАЗель көлігімен келе жатқан белгісіз жүргізуші қағып кеткен. Жәбірленушіге көмек көрсетпей, жол-көлік оқиғасы жасаған адам оқиға орнынан қашып кеткен.

Жаяу жүргіншімен соқтығысу бейнебақылау камерасына жазылған. Полиция қызметкерлері бейнежазбаны тексергеннен кейін күдікті – 60 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру