Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша бірлескен рейд жүргізуде

СҚО полицейлері рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою бойынша бірлескен рейд жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері өңірдің экологиялық әл-ауқатын қолдау жөніндегі ведомстворалық топтың заңсыз тасталған қоқыс орындарын анықтау мен жою жұмысына қатысуда. Оған сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары, облыстық экология департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың мамандары жұмылдырылған. Көлік, планшеттермен және байланыс құралдарымен жарақталған ведомствоаралық топ экологтар тіркейтін спутниктік суреттер деректері негізінде жұмыс істейді.

Кезекті экологиялық рейд барысында Петропавлдың Жұмысшы кентінде кезекті заңсыз тасталған қоқыс орны анықталды. Моланың сыртындағы ауқымды аумақта қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтары жиналған. Бірлескен экорейд қоқыс орындарын жоюмен аяқталды. Қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімінің өкілдері қоқысты шығару үшін көлік пен жұмысшылардың қатысуын қамтамасыз етті.

– Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері – экологиялық және санитарлық тазалық қаупінің көзі, – дейді СҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Александр Розбах. – Жалпы облыста 92 рейдтік іс-шаралар өткізілді. Облыс орталығының аумағында төрт ірі қоқыс үйіндісі жойылды, облыс бойынша – 55. Құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Полицейлер ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2 бабы бойынша бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын еске салады. Абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабына сәйкес ескерту немесе жеке тұлғаларға – жиырма АЕК дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз АЕК дейін айыппұл салу қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру