Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Барымташының ұрлығы әшкереленді

Алматы облысының полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында барымташынының ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұйғыр ауданының полициясына аудан орталығы Шонжы ауылының тұрғыны ірі қара малының қолды болғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мал ұрлығын ашуға бағытталған шараларын қабылдаған.

– Аудан тұрғының арызы негізінде жедел іздестіру шараларын жүргіздік. Жан-жақты тексеру барысында 60 жастағы аудан тұрғыны қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұлтартпас айғақтар негізінде К. есімді азамат қылмыс жасағанын және ұрланған ірі қараны сойып тастағанын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Ұйғыр ауданы Полиция бөлімінің бастығы Шыңғысхан Сабуров.

Полиция басшысының хабарлағанындай, күдікті көрсеткен жерден малдың терісі табылып, тәркіленген. Тәртіп сақшылары барымташының аудандағы басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеретін болады. Қылмыстық іс бойынша материалдар жақын арада сотқа жолданып, жеңіл олжаға ие болғысы келген барымташы заң алдында жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру