Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бас прокуратура өкілдері Жамбыл облысындағы ҚАЖ мекемелерін аралады

Бас прокуратура өкілдері Жамбыл облысындағы ҚАЖ мекемелерін аралады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2-қызметі бастығының орынбасары Қуаныш Амралин және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2-қызметінің аға прокуроры Асхат Абләзім Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне жұмыс сапарымен барып, департаментке қарасты №25, №26, №58, №59 және №67 мекемелерін аралады.

Жұмыс сапары барысында Бас прокуратура өкілдері мекемелердің қызметімен танысып, сотталған азаматтарды ұстау жағдайларын, режим талаптарының сақталуын, қауіпсіздік шараларын және сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуін зерделеді.

Мекемелерді аралау барысында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларға, медициналық қамтамасыз етуге, сотталғандарды еңбекке тартуға, кәсіптік білім беруге және оларды қоғамға қайта бейімдеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар мекемелердегі режим мен қадағалауды ұйымдастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері қаралды.

Жұмыс сапарына Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен облыс прокуратурасының өкілдері қатысты.

Аралау қорытындысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңдылықты одан әрі нығайту, сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз ету және мекемелердегі қызметтің тиімділігін арттыру бағыттары бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

Бас прокуратура өкілдерінің жұмыс сапары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуге, қызметтің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға және сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу жұмыстарын жетілдіруге бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру