Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Батыс Қазақстан облысында қайғылы жол апаты орын алды

Батыс Қазақстан облысында қайғылы жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 тамыз күні сағат 22:28 шамасында Lada Priora тізгіндеген 32 жастағы жүргізуші Серебряков ауылынан №20 километраж маңында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 62 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жолдың бөлігін белгіленбеген жерінен кесіп өткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру