Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бейтаныс адам интернет арқылы шымкенттіктің ақшасын заңсыз аударып алған

Бейтаныс адам интернет арқылы шымкенттіктің ақшасын заңсыз аударып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 29 наурызында Қаратау аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз біреу оның “Halyk bank” есепшотынан интернет желісі арқылы 295 мың теңге ақшасын заңсыз аударым жасап, шешіп алғанын көрсеткен.

Қаратау аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру