Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ғимараттар қабырғасындағы есірткі жарнамалары жойылды

Шымкентте ғимараттар қабырғасындағы есірткі жарнамалары жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қалалық “Жастар ресурстық орталығының” өкілдерімен және бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыповпен бірлесе отырып, есірткі мен нашақорлықтың алдын алуға бағытталған кезекті “Есірткіге жол жоқ!” акциясын ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Абай ауданындағы Темірқазық көшесі және Еңбекші ауданындағы Ақназар хан көшесі бойындағы ғимараттар мен үй-жайлардың сыртқы қабырғасына жарнамаланып салынған жалпы 38 есірткі құралдарының жазбалары өшірілді. Осы мақсаттағы бірлескен іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру