Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бетперде мен қолғап киген: Петропавлда полиция күдікті ер адамды тоқтатты

Петропавлдағы эвакуация аймағында полиция күдікті ер адамды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлдағы су басқан Былғары кентін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері велосипедпен жүрген күдікті адамды байқап қалды. Өзімен бірге құжаттары болмаған. Оның айтуынша, ол азық-түлік алу үшін қалаға бара жатқан.

ТЖ қызметкерлерінің көмегімен ер адам Ойқала ауданындағы су басу аймағы арқылы қайықпен тасымалданып, жеке басын анықтау үшін Петропавл қаласының полиция басқармасына жеткізілді.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жүргізді, нәтижесінде ер адамның Қызылжар ауданының ауылдарының бірінің 42 жастағы тұрғыны, велосипедпен жиі жүретіндігі анықталды, эвакуация аймағында абайсызда пайда болып, қылмыстық ниеті болмаған.

– Ауыл тұрғынымен ауданда су басқан жерлерде жүрмеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Естеріңізге сала кетейік: эвакуация аймағына тек ТЖ штабының рұқсатымен және билік өкілдерінің сүйемелдеуімен кіруге және жүзуге болады. Мұндай шаралар бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу үшін қажет. Полиция қызметкерлері тәулік бойы қаланың эвакуацияланған учаскелерін патрульдеуде , — дейді Петропавл қаласы ПБ бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру