Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше көліктің салонынан телефон ұрлаған ақтөбелік кінәсін мойындады

Ақтөбеде көліктің салонынан телефон ұрлаған азамат кінәсін мойындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қараша күні кешкі сағат 20.00-де мейрамхана алдында тұрған “Lada Granta” автокөлігінің салонынан терезесін сындыру арқылы 32 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі “Huawei” смартфоны мен “LG k-10” смартфонын жасырын ұрлап кеткен.

Осы күні, спорт кешенінің алдында “Skoda Octavia” автокөлігінің салонынан қаскүнем терезені сындырып, “Samsung” планшеті салынған сөмкені ұрлап кеткен. Полиция қызметкерлері аталған қылмыстарға қатысты 24 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Жалпы шығын 335 мың теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат облыстық Полиция департаментінің Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті автокөлік иелерін автокөлік салондарынан ұрлау туралы ескертеді және жеке мүлікті ұрлауды болдырмау үшін ақша мен құнды заттарды көлікте қалдырмауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру