Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше рет сотталған Алматы қаласының тұрғыны біреудің көлігін айдап кетті

Бірнеше рет сотталған Алматы қаласының тұрғыны біреудің көлігін айдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаланың Әуезов ауданында ұры ұсталды. Полицияның мәліметінше, жергілікті тұрғын Полиция басқармасына жүгінген, ол 8 қыркүйекте сканер көмегімен автокөліктің дабылын ашып, өзінің “Тойота Ленд Крузер Прадо” көлігін ұрлаған белгісіз адамдарға шара қолдануды сұрады. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

– Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағына сәйкес көзделген қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қажетті тергеу-жедел іс-шаралары барысында Қылмыстық іздестіру қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 36 жастағы Жамбыл облысының тумасын ұстады. Ол бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотталған, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Жоғарыда аталған азамат бірнеше рет сотталғандықтан Жамбыл облысында пробациялық бақылауда тұрғандығы анықталды. Полиция қызметкерлері осы адамның қалада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде. Ұсталған адам Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру