Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жездесі мен балдызының бірнеше мал ұрлығына қатысы бар

Түркістан облысының полицейлері бірнеше рет мал ұрлығын жасаған жездесі мен балдызын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Келес ауданы ПБ қызметкерлері тұрақты түрде кезекшілікпен мал ұрлығының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Аудандағы мал базарларда тексеру жұмыстарын жүргізіп, жайылымдық жерлерді бақылау жұмыстарын ұйымдастырып отырады. Осындай кезекті шара барысында түнгі уақыт шамасында Келес АПБ-нің полиция қызметкерлері жайылымдық алқапта күдік тудырған жеңіл автокөлікті тоқтатты. Полицейлер автокөліктің ішіне лық толған үй жануарларын көріп, тексере бастаған.

Осылайша “Mersedes benz” маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушы әйелдің төрт бас ірі қара малды жасырын ұрлап бара жатқандығы белгілі болды. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы, яғни (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары күдікке ілінген екеуді бірден ПБ-ға жеткізді. Содан соң бірден тергеу амалдарына кірісті.

Белгілі болғандай күдікті ер мен әйелдің бір-біріне туыстық қатынасы бар Шардара ауданының тұрғындары екені анықталды. Яғни жездесі мен балдызы. Сондай-ақ олар бұдан алдын мал ұрлығының екі жайтын жасаған. Бірінде бес бұзауды ұрласа, енді бірінде үш бас ірі қара малын жымқырған. Аталған үй жануарларының барлығын өздерінің үйінің қорасында жасырған. Осылайша тұрғындарға 1,2 миллион теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті екеу қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондықтан әрбір азамат өзінің жеке мал-мүлкіне қырағы болуы керек. Малдарын қараусыз қалдырмай, уақытылы сырғалап, таңбалап, құжаттандырып, қора-жайын мықтап бекітуі қажет. Егер де малыңыз жоғалса не болмаса ұрланса, шұғыл 102-ге хабарлаңыз. Бастысы жоғалған малды өз еркіңізбен табамын деп уақыт жоғалтпаңыз. Ескерте кетер жайт, ұрлық орын алған сәтте полицияға уақыт жоғалтпастан бірден хабар беру арқылы сіз, тәртіп сақшыларының күдіктіні ізін суытпай ұстауына көмектесесіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру