Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бірнеше ұрлыққа қатысы бар қарағандылық қолға түсті

Бірнеше ұрлыққа қатысы бар қарағандылық қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 тамызда Қарағанды қаласының ПБ орталық полиция бөліміне, белгісіз адам дүкендердің бірінде құлаққапты ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Келтірілген шығын көлемі 74 мың теңгені құрайды.

Куәгерлердің айтуынша, бір ер адам қымбат құлаққап сатып алғысы келіп, біршама уақыт тауардың бірнеше түрін қараған. Біраз уақыттан соң ешқандай тауарды сатып алмаған ер адам дүкеннен шығып кетеді.

11 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті 26 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтады. Басқа сату орнында күдікті осы әдісті қолданып, құны 200 мың теңгеден асатын электронды құрылғыны алып кеткен. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру