Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері велосипед ұрлаған бойжеткенді ұстады

Түркістан полицейлері велосипед ұрлаған бойжеткенді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын “Аист” маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның дүкен жанына қойып кеткен 50 мың теңгелік велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, велосипед ұрлаған ұрыны іздеуге кірісті. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алып, дүкен мен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді.

Полицейлер жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні бір тәулік ішінде күдікті деп танылған бойжеткенді ұстады. Ол өз әрекетін толық мойындады. Күдіктіден ұрланған велосипед алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қолхатта. Бойжеткеннің айтуынша, ол үйіне жету үшін ұрлық жасаған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру