Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл ақтөбелік жедел уәкілдер 500 келіден астам есірткі тәркіледі

Биыл ақтөбелік жедел уәкілдер қылмыстық істер бойынша заттай дәлел ретінде 500 келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл кептірілген марихуана, апиын, гашиш, қарасора және басқа да психотроптық заттар.

Заң бойынша, осы қылмыстық арсеналдың барлығы жойылуға жатады және Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері осы іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады.

Сотқа жіберілген істер бойынша есірткі құралдарын жою сот үкімі негізінде, ал тоқтатылған істер бойынша прокурордың келісімі негізінде жүзеге асырылады.

Есірткіні арнайы комиссия жояды, оның құрамына: прокурор, нарколог-дәрігер, сот орындаушысы, полиция бөлімінің кеңсе қызметкері және осы қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді аяқтаған тергеуші кіреді.
Комиссия төрағасы полиция бөлімі бастығының тергеу жөніндегі орынбасары болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру