Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Блок-бекетте бір күнде 800 көлік тексерілді

Петропавлдағы блок-бекеттерден бір түнде 800 астам автокөлік өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласына кіріп-шығуды шектейтін блок-бекеттер жұмысының алғашқы түнінде 800 астам автокөлік өтті. Полицейлер, ветеринария және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер кезекшілік атқарып жатқан алты бекет өз жұмысын 1 сәуірге қараған түннен бастады. Облыс орталығына кіретін барлық азаматтарды полиция қызметкерлері тіркейді, келу себептерін анықтайды. Санитарлық дәрігерлер дене қызуын өлшеп, азаматтардың хал-жайын сұрайды.

“Осындай шектеу шаралары көліктер легін азайтуға бағытталған. Коронавирустық инфекцияның таралмауының алдын алуға бағытталған мәжбүрлі шараларға адамдар түсіністікпен қарауы қажет”, – деп атап өтті СҚО Полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев.


Бекеттерде қызмет атқарып жатқан сақшыла
р айтып өткендей, енгізілген шектеулерге негізінен жүргізушілер түсіністік танытады екен.

Барлық іс-шараларды түсінеміз. Отбасыларымыз үйде, ал біз жұмыс істеп жүрміз”, “Дәл қазір мен жұмысыма бара жатырмын. Әрине бұған түсіне қарап, тіркеуден өттім. Бұл – біздің қауіпсіздігіміз үшін.Бұл кесел көпке созылмайды деген сенімдемін”, – дейді жүк көліктерінің жүргізушілері.

Естеріңізге салсақ, Солтүстік Қазақстан облысының бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен облыс аумағында 1 сәуірден бастап шектеу шаралары енгізілді. Петропавл қаласы мен облыс аудандары арасында жолаушылар тасымалы тоқтатылды.

Азаматтардың өздерінің тұрғылықты мекен жайларына оралуына 2 сәуір сағат 00:00-ге дейін рұқсат беріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру