Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“BMW” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодарда “BMW” жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қыркүйек сағат 06.25-те Н.Назарбаев даңғылында “ВМW-520” автокөлігінің 54 жастағы жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 46 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тексеру жүргізіледі.

Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырады.

Сондай-ақ, мас күйінде рөлге отырмаңыз – бұл апатқа және орны толмас қайғыға әкелуі мүмкін. Ал жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек.

Жүргізушілер және жүргіншілер есте сақтаңыздар, жол қателікті кешірмейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру