Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Борышкер” ЖПІШ: ШҚО-да мамандандырылған тұраққа 40-тан астам көлік қойылды

“Борышкер” ЖПІШ алғашқы күнінде ШҚО-да мамандандырылған тұраққа 40-тан астам автокөлік қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстанда 6 сәуірде борышкерлер мен жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтауға бағытталған “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы басталды.Жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні полиция қызметкерлері атқарушылық іс жүргізу қызметкерлерімен бірлесіп, мемлекет бюджетіне 6 млн теңгеден астам қаражат өндіріп алынды, сондай-ақ төленбеген айыппұлдары бар 46 автокөлік иелері мамандандырылған автотұраққа қойылды.

– 6 сәуірде тәртіп сақшылары облыс орталығында Өскемен қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota көлігін тоқтатты, оны тексеру кезінде 200 мың теңгеден астам сомаға 14 төленбеген нұсқама анықталды. Барлық бұзушылықтар ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы (Белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру) бойынша жасалған. Осыған байланысты борышкердің көлігі айыппұлдарды толық өтегенге дейін мамандандырылған тұраққа қамалды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Закимов.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды әкімшілік айыппұлдарды мерзімінде төлеуге шақырады. Жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50%-ын төлеуге болады. Осы мерзім өткеннен кейін әкімшілік айыппұл толық сомаға салынады.

Айта кетейік, “Борышкер” жедел алдын алу іс-шарасы облыс аумағында 8 сәуірге дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру