Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ер адам әйелдің телефонын тартып алған

Балқашта ер адам әйелдің телефонын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жағалау маңында тонау болғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірнеше минуттан кейін жедел-тергеу тобы келді.

Жәбірленуші 34 жастағы әйел кешке үйіне қайтып келе жатқанын түсіндірген болатын. Ол жағалау маңынан өтіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен. Осы сәтте әйелдің жанына белгісіз адам жүгіріп келіп, қолындағы ұялы телефонды тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 29 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады.ҚР ҚК 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру