Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да 5 мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды

БҚО-да бес мыңнан астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апатының алдын алу және қоғамдық көлік жүргізушілерінің тәртібін жақсарту мақсатында БҚО-да “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

17 мамыр мен 16 маусым аралығында БҚО аумағында 14 911 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 256 жүргізуші көлікті масаң күйде тізгіндеген. Іс-шара басталғалы бері тәртіп сақшылары жылдамдықты арттырғаны үшін – 5 558 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Жаяу жүргіншілер ережесін бұзу бойынша 1 468 адам, маневр жасау ережелерін бұзушылардың – 837, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 1 445 дерегі анықталды. Сонымен қатар 225 адам жүргізу куәлігінсіз автокөлікті тізгіндесе, 60 жүргізуші көлік жүргізу куәлігінен айырылды. 263 автокөлік арнайы тұраққа қойылды

Аталмыш шара барысында БҚО ПД қызметкерлері жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 18 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру