Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да бір күнде жол апатынан екі адам көз жұмды

БҚО-да бір күнде жол апатынан екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 желтоқсан күні түнгі 01.20 уақыт шамасында Тасқала-Атамекен тасжолының 36-шақырымында 35 жастағы жүргізуші ВАЗ-21074 автокөлігін басқара отырып, рөлге ие бола алмай, аударылған. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Дәл сол күні таңғы сағат 07.30 уақыт шамасында Кирсаново-Уральск тасжолында 24 жастағы Lada-2107 автокөлігін басқара отырып, жол жүру ережелерін қамтамасыз етпей, 59 жастағы жүргізушінің басқаруындағы ГАЗ-53 автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada-2107 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, сондай-ақ 1998 жылғы жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактілерге сәйкес ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру