Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дәрмек”: Қарағанды облысында 9 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды

“Дәрмек” жедел алдын алу шарасы аясында Қарағанды облысында 5 адам әкімшілік жауапкершілікке, 9 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Қарағанды облысында “Дәрмек” республикалық жедел алдын алу шарасының кезекті кезеңі өтті. Шара аясында медициналық мекемелерде заңсыз есірткі айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстық әрекеттердің басқа да түрлерін анықтау және жолын кесу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері заң талаптарын қатаң сақтай отырып, жеті медициналық мекеме мен төрт өндірістік нысанды тексерді.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында сегіз әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу – 4 факті, объектілер мен үй-жайларды техникалық қорғау талаптарын бұзу – 2 факт, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет – екі факт. 5 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша барлық материалдар кінәлі тұлғаларды қолданыстағы заңнама аясында жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жолданды.

2 желтоқсанда Теміртау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының өнеркәсіптік кәсіпорындардың біріне қатысты ҚР ҚҚБК-нің 427-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін шығарған қаулысын келтіруге болады. Оны полицейлер “Дәрмек” ЖАШ бойынша жүргізген іс-шарада анықтады. Нәтижесінде кәсіпорынға 291 мың теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары дәріханаларда құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілерді дәрігердің тағайындауынсыз сатудың жолын кесуге баса назар аударды. Мәселен, 29 қарашада Қарағандыда 49 жастағы әйел екі ампула көлеміндегі трамадол препаратын рұқсатсыз бергені үшін ұсталды. 30 қарашада Теміртауда “Трамадол Ланнахер” есірткісін рұқсатсыз сатумен айналысқан 34 жастағы қала тұрғынының іс-әрекетінің жолы кесілді. Кінәлілерге қатысты ӘҚБтК-нің 424-бабына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Есірткі бизнесімен байланысты тұлғаларға қатысты бөлек жұмыстар жүргізілді. Осылайша, ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша бес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, есірткіні медициналық емес пайдаланғаны үшін тоғыз адам ұсталды – олардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ал Қарағандыда есірткі заттарын заңсыз жарнамалау фактісі анықталып, оның дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабы аясында сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру