Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Дәрмек” ЖПІШ: БҚО-да 13 медицина қызметкері жауапқа тартылды

Батыс Қазақстан облысы аумағында 24-28 шілде аралығында “Дәрмек” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара жүргізу барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 6 есірткі қылмысының жолын кесті. Оның ішінде: аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 3 дерегі, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 2 дерегі және өсімдіктер мен есірткінің синтетикалық түрлерін өткізудің 1 дерегі анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен және прекурсорлармен жұмыс істеу ережелерін бұзу деректері анықталған медициналық мекемелер мен өнеркәсіп кәсіпорындары тексерілді. Нәтижесінде 13 медицина қызметкері және өнеркәсіптік кәсіпорындардың 2 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, 26 шілдеде “Дәрмек” профилактикалық іс-шарасы барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласы аумағында жүргізген іс-шара барысында 40 жастағы қала тұрғынын анықтап, ұстады. Оның тұрғылықты жері бойынша тексеру барысында 22 дана сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар зат салынған сіріңке қораптары табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ іс-шара кезінде 36 жасар қала тұрғынының үсті-басын тексеру кезінде арнайы спецификалық иісі бар сұр-жасыл түсті заты бар орама қағаз, үйді тінту кезінде 41 дана 12 калибрлі патрондар тәркіленді. Тәркіленген заттар сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру