Департаменттің құқықтық қызметі әйел тартымдылығымен
Әйелдер мерекесі қарсаңында Polisia.kz сайты өз оқырманын құқық қорғау органдары саласында жұмыс істейтін табысты әйелдермен таныстыруын жалғыстырады.
Кәсіптерді «ерлер» және «әйелдер» деп бөлу қоғамда әлі күнге дейін сақталатыны құпия емес. Хатшы, кадр бөлімінің қызметкері, мұғалім, фармацевт, сатушы, бухгалтер – нәзік жанды орындайды деп саналды. Машинист, инженер, құрылысшы, жүк тасушы, құтқарушы мамандықтары ерлердің кәсібі деп саналады.
Бүгін бірде-бір қызмет саласын нәзік жандыларсыз елестету қиын. Азаматтық қорғау органдары қатарында мықты, батыл, күшті ерлермен қатар әйелдер де жұмыс істейді. Гүлстан Жүнісова Павлодар облысы Май ауданы Майск ауылында дүниеге келген. «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының кооперативтік колледжіне түсіп, 2004 жылы Орта-арнайы білім алды. Гүлстан колледжін бітіргеннен кейін жеткен жетістіктерімен шектелген жоқ, жоғары оқу орнына Қазақстанның құқықтану және халықаралық қатынастар институтына оқуға түсті. 2007 жылы бітіріп, заңгер мамандығын алды. Мемлекеттік қызметшінің еңбек жолын Май ауданының Әділет бас маманы лауазымынан бастады. Май ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Павлодар қаласы әкімдігінде ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы лауазымында еңбек жолын жалғастырды.
Қазір Гүлстан Төтенше жағдайлар департаменті заң тобының бас маманы болып жұмыс істейді. Оның ерекше табандылығы мен жауапкершілігі қызмет бабында кездесетін проблемалық мәселелерді жеңіл әрі шыдамдылықпен орындауға мүмкіндік береді. Оның қарауында заңнамалық құжаттардың үлкен көлемі бар. Ол Департаменттің қызметіне байланысты барлық
сот процестеріне қатысады, онда осы ведомствоның құқықтарын қорғауды жүзеге
асырады.
Үйде ол өз балаларына әрдайым қолдау көрсетуге уақыт тауып, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын керемет және мейірімді ана. Демалыс күндерін ол толығымен оларға арнайды.
8 Наурыз – көктем мерекесі қарсаңында біз әріптесімізді құттықтай отырып, өмірдің бақыты мен күлімсіреуі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
Табыс, бақыт және зор денсаулық тілейміз!