Династиялық отбасы 25 жыл бойы махаббат пен келісімде өмір сүріп келеді
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Polisia.kz редакциясы құқық қорғау органдарында қызмет ететін отбасымен таныстырмақ.

- Отбасылық бақыт көбінесе әйелдің дана болуына байланысты. Махаббат махаббатымен, бірақ бірге өмір сүре бастаған жастар әр түрлі және көптеген нәрселерге басқа да көзқараспен тәрбиеленіп келе жатқанын түсінген жөн. Ерлі-зайыптының басты міндеті - отбасылық ошақты сақтап қалу, - дейді М.Құлжанова.
- Бізді адал өмір сүруге тәрбиеледі. Ата-аналарымыз бізге әрдайым үлгі болды.Олар бәрін бірге жасады. Әрқашанда олармен ойымызды ашық бөлісіп, кеңес алуға болады, - деді Ербол Бауыржанұлы.
Отбасына амандық және баянды отбасылық бақыт тілейміз. Әрбір отбасының өркендеуімен біздің еліміз, біздің Отанымыз нығая берсін!