Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрланған ақшаға несие төлеген

Алматы облысында полицейлер қарақшылықты қолдан ұйымдастырған үш жігіттің қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іле ауданының ПБ кезекші бөліміне 23 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, Боралдай кентінде белгісіз біреулер қарумен қарақшылық шабуыл жасап, тонап кеткен.

Қаладағы ЖШС бірінде жүргізуші-дистрибьютор болып жұмыс істейтінін айтқан арыз иесі күнделікті міндетіне сай тауарларды тиісті объектілерге жеткізуге жолға шыққан-мыс.

Аэродромная көшесінде бұзылып қалған көлігін жөндеп жатқан сәтте бейтаныс екі адам шабуыл жасаған болып, травматикалық қарумен сол жақ иығы мен жамбасын жарақаттаған. Бір миллион теңгеден астам ақша салынған барсеткасын тартып алып, іздерін суытқан. Арыз иесінің сөзі осы.

Криминалдық полиция “жәбірленушінің” сөзінен жалған ақпаратты анықтады. Көлігінің техникалық жағдайын тексерген орган өкілдері оның арыз иесі айтқандай бұзылмағанын білді. Сөйтіп жедел топ түбінде қарақшылық шабуылдың болмағанын дәлелдеп шықты. 25 жастағы жамбылдық жігіт пен Алматы қаласынан болған “қарақшылар” шын мәнінде жәбірленушінің достары болып шықты.

Ұрланған ақша жүргізуші-экспедитор мен оның сыбайлас достарының несиелерін өтеуге жұмсалған. Осыған байланысты жалған ақпарат бергені үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабының 3-бөлігіне сәйкес тіркелді.

Полиция жалған ақпарат берген арыз иесі уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Оның сыбайластары “мекен-жайын өзгертпеу туралы” қолхатпен босатылды. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру